Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Байқоңырдан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылады

Байқоңырдан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқоңырға келген екінші күні ХҒС-68 негізгі және резерв экипаждары алдағы ұшырылымға қатысатын елдердің туын көтерудің дәстүрлі рәсіміне қатысты. 2022 жылдың 7 қыркүйегінде негізгі экипаж мүшелері – ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Фрэнк Рубио, сондай-ақ олардың дублерлары – Роскосмос ғарышкерлері Олег Кононенко, Николай Чуб және NASA астронавты Лорал О'Хара ғарыш айлағында бірінші рет жаттықты. Олар «Сокол-КВ2» құтқару скафандрларын киіп, олардың герметикалығын тексерген.

Одан кейін ғарышкерлер мен астронавтар өздері ұшатын «Союз МС-22» ғарыш кемесінің қызмет көрсететін жабдықтарын тексеріп, ұшу бағдарламасын зерттеді, борттық құжаттама және ХҒС-қа жеткізілген жүктермен танысты, деп хабарлайды Ю.АГагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының баспасөз қызметінен.

Негізгі экипаж командирі – Сергей Прокопьев. №1 ғарыш кемесінің бортинженері, Қазақстан тумасы Дмитрий Петелин Қостанай қаласында дүниеге келген, жасы 39-да. Ол қаладағы техникалық-экономикалық лицейді бітіріп, содан кейін Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің аэроғарыш факультетінде білім алып, ұшақ және тікұшақ құрастыру инженері мамандығын меңгерді.

Д.Петелин ғарышкерлер жасағында 2012 жылдан бері жұмыс істейді және бұл ғарышкер мансабындағы алғашқы ұшырылым болмақ. Экипаждың үшінші мүшесі, американдық астронавт Фрэнк Рубио 46 жаста, ол әскери хирург, АҚШ армиясының подполковнигі. Теориялық космонавтиканың негізін салушы Константин Циолковскийдің атымен аталған «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі осы жылдың 21 қыркүйегінде Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылады деп жоспарланған.
09 қыркүйек 2022 ж. 262 0