Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Екі айлық үзілістен кейін «Байқоңыр» іске қосылды

Екі айлық үзілістен кейін «Байқоңыр» іске қосылды

Екі айлық үзілістен кейін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан кезекті ұшыру 2022 жылдың 9 тамызына жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұдан бұрын Байқоңырдан «Союз МС-20» көліктік жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған еді.

Қазақстандық тараппен бекітілген кестеге сәйкес, 2022 жылғы 9 тамызда «Байқоңыр» ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз 2.1а» зымыран тасығышы ұшырылады, ол орбитаға спутниктер шоғырын шығарады.  

Бірақ 2022 жылдың қыркүйек айының бірінші онкүндігіне жоспарланған «Ангосат-2» байланыс спутнигімен «Протон-М» зымыран-тасығышының «Байқоңыр» ғарыш айлағынан биылғы алғашқы ұшырылымы кейінге шегерілді. Ал «Союз МС-22» ғарыш кемесі ХҒС-қа 2022 жылдың 21 қыркүйегінде келесі экспедициямен ұшырылады.

Экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин, сондай-ақ ХҒС кросс-ұшу бағдарламасы бойынша ұшатын америкалық астронавт Франсиско Рубио бар.
28 шілде 2022 ж. 422 0