Жолдауда ұлт саулығына ерекше мән берілген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жолдады. Жаңа жағдайдағы жаңашыл қоғам қалыптастыруға бағытталған Жолдауда елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер қамтылып, соған орай жаңа реформалар енгізуге нақты тапсырмалар берілді.
Жолдауда Президент еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігіне тоқталды. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіруге, ұлт саулығын жақсартуға қатысты негізгі міндеттерді атап көрсетті.
«Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді» деген Мемлекет басшысы медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін айтты. Бұл ретте, Қазақстан Президенті медициналық қызметтің сапасын арттыруға қатысты Ұлттық жобаны жүзеге асыруға шешім қабылдап отыр. Соның негізінде елімізде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Сондай-ақ, жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылады. Бұл медициналық мекемелерде инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері де пайда болмақшы. Яғни, денсаулық сақтау саласына бағытталған осындай қолдау нәтижесінде медициналық қызметтердің сапасының арттуына айтулы мүмкіндік жасалады.
Жолдауда медицина қызметкерлерін қуантқан жаңалықтардың бірі – мамандардың білімін жетілдіруге гранттардың бөлінуі. Атап айтқанда, жоғары оқу орнын бітірген медицина қызметкерлері біліктілік талаптарын аттыру үшін резидентура оқуы тиіс. Бұл олардың кәсіби деңгейін шыңдайды. Міне, осыған бөлінетін грант көлемі 70 пайызға дейін артатын болады. Осы гранттар негізінде ауданның медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттырып, тұрғындар денсаулығын жақсартуға қызмет көрсете береді.
Жалпы, бұл жолғы Мемлекет басшысының Жолдауында да ұлт саулығын жақсартуға айрықша мән берілді. Оны жүзеге асыруда баршамыз бірлесе жұмыс атқара беретін боламыз.

Жанар Жұмабаева,
бас дәрігердің орынбасары
бас дәрігердің орынбасары