Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нақты шаралар қабылданады

Нақты шаралар қабылданады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдадық. Мемлекет Басшысы айтқан басым бағыттардың, оның ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірлердің өсіп-өркендеуіне қатысты мәселелердің барлығын орынды және тапсырмалар дер кезінде берілді деп есептейміз.

Президент өз Жолдауында: «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» деді. Яғни, алдағы уақытта Елбасы саясатының сабақтастығы негізінде ел азаматтарының лайықты өмір сүруіне ерекше басымдық берілмек. Бұл дегеніміз тұрғындардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қабылданады дегенді білдіреді.

Мемлекет Басшысы сондай-ақ денсаулық сақтау саласы жөнінде көптеген келелі мәселелерді қозғап, атқарылуы тиіс жұмыстарды айқындады. Атап айтқанда, коронавирус пандемиясындағы сала жұмысының нәтижесіне баға берді. Денсаулық сақтау саласын дамытуда назар аударарлық тұстарға кеңінен тоқталды.

«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Бірақ отандық фармацевтика саласының аяғынан тік тұрғызу керек. Негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», – деді Президент. Мұның бәрі ел халқының көңіліне сенім ұялатты. Әлеуметтік салалар жұмысының жетілуі, мемлекеттік органдардың жаңа бағытта жұмыс істеуі – заман талабы. Ендеше, Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді орындау елдің барлық азаматтарына ортақ міндет.

Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев,
 «Абай Дәулет» ЖШС директоры 
01 қыркүйек 2020 ж. 771 0