Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтата тұрмақ

Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтата тұрмақ

Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтата тұрады, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылғы тамыздың аяғына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қарады.

"Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады. Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды", - елінген хабарламада.
28 тамыз 2022 ж. 242 0