Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қандай телеарналардың жұмысына тыйым салынды?

Қазақстанда қандай телеарналардың жұмысына тыйым салынды?

Көптеген шетелдік телеарнаның тіркеу туралы куәліктері қайтарылып, Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратуы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР “Теледидар және радио хабарларын тарату туралы” заңына (42-бап) 2017 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан аумағында хабар таратын барлық шетелдік теле- және радиоарналар осы заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе оның өкілдігін (филиалын) тіркеуге міндетті.
Заңның өзгерістері күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енгендіктен шетелдік теле-радиоарналар алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) осы жылдың 9 шілдесіне дейін тіркеуге міндетті болған.
Белгіленген кезең аяқталғаннан кейін министрлік “Телерадио хабарларын тарату туралы” заңның 42-бабы 9-1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) тіркемеген, барлық шетелдік теле- және радиоарнаның тіркеу туралы куәліктерін қайтару туралы шешім шығарды. Бұл аталған теле- және радиоарналардың Қазақстан аумағында хабар тарату құқықтарын жояды. Бүгінгі таңда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 307 шетелдік теле- және радиоарна тіркелген, олардың 219-ы ел аумағында өз өкілдіктерін ашты, ал 88-і ашпаған.
2018 жылдың басынан бастап министрлік өкілдіктерін ашпаған шетелдік теле- және радиоарналардың иелеріне ақпарат құралы қызметін Қазақстан заңнамасы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізген.
Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастырғысы келетін шетелдік теле- және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет.
baribar.kz
09 тамыз 2018 ж. 870 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 11:08
Prezzo Kamagra In Algeria Gimalxina http://kamagpills.com Zithromax Dosage For Std Is Kamagra Legal

Гость JeaOrer от 9 наурыз 2019 20:21
Cialis Diario Comprar Free Viagra Samples In Canada viagra 40mg Levitra Pills On Line For Sale