Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімдері біліктілігін арттыруда

Ауыл әкімдері біліктілігін арттыруда

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқыту бағдарламасын жалғастыруда. 17-19 тамыз аралығында өңіріміздегі 20-ға жуық ауыл әкімі халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілігін жетілдіру курстарынан өтеді.

Ауыл әкімдерінің "Табыстарды арттыру мақсатында халықтың экономикалық белсенділігін жоғарылату саласындағы басқарушының құзыреттілігін көтеру" семинарының оқыту бағдарламасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық бейнесін анықтау үшін үй-үйді аралап ауданды скринингтен өткізіп, алынған ақпаратқа бастапқы талдау жүргізе алады, сонымен қатар ауылдың мамандануын және маркетингтік талдау жүргізумен бірге таңдап алынған бизнес-тауашаны тестілей алады.

Өткізу тізбектерін құру, кооперативтер ұйымдастыру, бизнес-жобаларға қаржылық есеп-қисап та жүргізе алуы ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Аталған бастамаларды іске асырудың негізі "2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы" болып саналады.

Бұл бағдарламаның басым бағыттарының бірі: ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру; туристік саладағы жұмыспен қамтуды ұлғайту және халықтың кірісін арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік табыстың өсуін ынталандыру. Бұл бүгінгі таңда барлық деңгейдегі басшылардың алдында тұрған жоғары міндеттер.

Оқу семинарды партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы ашып, семинардың мақсат міндеті мен одан күтілетін нәтижелер жайында тілге тиек етіп, білім алушыларға сәттілік тіледі.


Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT»
партиясының мүшесі
17 тамыз 2022 ж. 228 0