Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Газ жобаларына қатысты жаңа модельдік тетіктер енгізіледі - министрлік

Газ жобаларына қатысты жаңа модельдік тетіктер енгізіледі - министрлік

Елімізде газ жобаларына арналған жақсартылған модельдік келісімшарт тетігі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы газ өндіру жөніндегі жаңа жобалар үшін фискалдық преференцияларды пысықтауды тапсырды. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдалануға, оның ішінде газ жобаларына арналған жақсартылған модельдік келісімшарт тетігін енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер топтамасы әзірленді. Мәселен, салықтан босату түрінде реттеушілік және фискалдық преференциялар көзделеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, газ жобалары үшін газға ынталандыру бағасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Заңнамаға тиісті түзетулер осы жылдың соңына дейін қабылданатын болады.

«Бұл іс-шаралар шамамен 93,6 млрд текшеметр көлемінде газдың жиынтық қоры бар газ кен орындарын игеруді және 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд текше метр көлемінде тауарлық газды қосымша өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Болат Ақшолақов.
03 тамыз 2022 ж. 472 0