Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін

Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшылары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам дайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдауға сәйкес Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан асса, ал 2050 жылға қарай 23 млн-нан 27,7 млн-ға дейін болуы мүмкін. Бұндай сандарды болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков келтірді. Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай өңір бойынша халық саны Нұр-Сұлтан қаласында – 420 мың адамға, Алматы қаласында – 414 мыңға, ал Шымкент қаласында – 369 мың адамға дейін өседі. Жалпы БҰҰ сарапшыларының сараптамасына сәйкес биыл қараша айында әлемдік халық саны 8 млрд адамнан асатынына қарамастан, соңғы уақытта өсімнің біртіндеп баяулауы байқалады. Мәселен, 2019 жылы халық өсімі 76 млн адамды құраса, 2021 жылы 68 млн адам болған.

01 тамыз 2022 ж. 455 0