Тарихыңды танып білгің келе ме?

Экскурсияға тарихқа қызығушылығы жоғары белсенді ауыл жастары қатысты.
Аталған экскурсияда Аманкелді ауылдық округінің белсенді жасы Қайырбек Сейтжан Дәуренбекұлы Жаңақорған ауданындағы киелі орындарда қонақта болып, тарихы мол тағылымды орталарды көруге Сырдария ауданының жастарымен бірге сапарға аттанды.
Алдымен жастар «Ақтас мешіті» мен «Айқожа ишан» кесенесімен танысты.
Келесі кезекте Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған - Сауран қаласының орнымен танысты. Аудандық мұражай қызметкері Құралай Дармен Сауран қаласы жайлы алғашқы деректер араб саяхатшыларының жазбаларынан кездесетінін атап өтті.
Сапардың соңғы нүктесі тарихтағы ежелгі қалашық Сығанаққа барып, қаланың тарихымен танысып, мол мағлұмат алды.
Жастар сапардың соңын Сығанақ қаласында дүниеге келген ғұлама ғалым, әрі ақын Һисамиддин Сығнақи (Сунақата) рухына құран бағыштап, жолсапарды түйіндеді.
Аманкелді ауылдық округі әкімдігі