Қызылордада ерекше балаларға арналған орталық ашылды

Аталған қор 2019 жылы «Әрекет» жобасы аясында өз жұмысын бастаған. Ал, биыл материалдық-техникалық базасын жаңарту және негізгі құралдармен жабдықтау бойынша ғимарат ауданын кеңейтті. Сондай-ақ, аталған мекемеде «Қараңғы сенсорлық бөлме» және «Күрделі ырғақ логосы» сынды инновациялық жабдықтары бар екі кабинет ашылды. Онда емдеу шаралары педагогикалық түзету логопед-дефектолог пен психолог-педагог мамандарының диагноз қоюынан кейін жүргізіледі.
Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов қор жетекшісін құттықтап, орталықтың аймақ үшін үлкен көмегі тиетінін атап өтті.
– Біз балаларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге және олардың толыққанды өмірін қалыптастыруға көмектескіміз келеді. Осы тұста, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз, – деді «Розалия және Эмир» жеке қорының жетекшісі Розалия Рахимова.