Құрбан айт – 2022: Рухани құндылықтар дәріптелді
Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қасиетті Құрбан айт мейрамының күллі мұсылман әлемінде алар орны ерекше. Осыған орай Сырдария аудандық мұсылмандар мешітінің ұйымдастыруымен ұлық мереке ауданда жоғары деңгейде аталып өтілді. Алдымен Құрбан айт намазы оқылып, жамағат жақсы дұға-тілек тілегеннен кейін, құрбандық малдары шалынып, мұқтаж отбасыларға таратылды.
Аудандық мұсылмандар мешітінде ұйымдастырылған сауабы мол игі іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев қатысып, жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Ал аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы А.Асқарұлы жиналғандарға уағыз-насихат айтып, Құрбан айт мейрамының тарихы, мәні мен маңызы туралы әңгімеледі.
– Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Алла Тағаланың разылығы үшін құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды. Материалдық мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс, – деді ауданның бас имамы.
Бұл күні аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтерде де құрбандық малдары шалынып, еті мұқтаж отбасыларға таратылды. Бұл іске шаруашылық төрағалары, кәсіпкерлер мен жекелеген азаматтар атсалысты. Ал аудандық мұсылмандар мешітінің ауласында қазақы салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен астасқан түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жарыста үздік көрсеткішке жеткен азаматтарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Осылайша рухани құндылықтарымыз дәріптелген қасиетті мерекені аудан жұртшылығы бекем бірлікпен, тату тірлікті ұштастырып атап өтті.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ