Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар тәжірибесі – жұмыс табуға мүмкіндік

Жастар тәжірибесі – жұмыс табуға мүмкіндік

Белгілі бір мамандықты игеріп, қолына жолдама қағаз – дипломын алған жастардың нарық заманында жұмыс таппай жүргенде бетін қайтармайтын мемлекеттің бағдарламасы – «Жастар тәжірибесі». Бұл бағдарлама арқылы мемлекет оқу орнын аяқтағаннан кейін жастардың жұмыс тәжірибесіне ие болуы үшін бір жыл жастар тәжірибесінен өткізеді. Аталған бір жыл уақыт жас маманның аз-кем тәжірибе жинақтап, өзінің әлеуетін көрсетуге берілген бірден-бір мүмкіндік.

Осыған байланысты ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиевтің тапсырмасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ауылдық округтегі мекемелерде барлығы 8 (сегіз) жұмыссыз жас 1 жыл мерзімге еңбек шарты арқылы «Жастар тәжірибесінен» өтіп жатыр.

Дипломын жаңа алған түлектерді тіркеу, жұмысқа тарту жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

Мысалы, жас маман Динара Тайшыбай 2021 жылдың шілде айында «Химия-технология» мамандығы бойынша «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. «Жастар тәжірибесі» бойынша №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейіне жұмысқа тартылды.

– Болашақ жастардың қолында демекші, заман талабына сай болуға ұмтылу керек. Мүмкіндік берілген уақытта «зауқым жоқ, жұмыс жоқ» деп бос жүруге мүлде болмайды. Еңбек ету арқылы ғана жетістікке жететініңізді ұмытпау керек,-дейді химия мамандығы бойынша жастар тәжірибесінен өтуші жас Динара Тайшыбай.




Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
07 шілде 2022 ж. 337 0