Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат жанынан ғылымды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады

Сенат жанынан ғылымды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстандағы ғылым мен білімнің болашағы» оқыту форсайт-сессиясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз Қазақстанның ғылымы мен білімін дамыту мәселелері бойынша ғалымдармен, сарапшылармен, мүдделі институттармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделіміз. Осы саладағы құқықтық базаны жетілдіру бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл бағытта күзде Сенатта тиісті жұмыс тобын құру керек. Қазақстанда ғылым мен жоғары білімді дамыту үшін бәріміз бірге нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы ғылымды, техника мен инновацияны дамыту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі екенін айтты.
03 шілде 2022 ж. 270 0