Пәтердегі тарақандардан қалай құтылуға болады – маман кеңесі
Елімізде пәтерін тарақан жайлап, одан құтылудың жолын іздеген тұрғын аз емес. Сондықтан аталған жәндікті жою және оның алдын-алу шаралары туралы маман кеңестерімен бөліспекпіз. Сонымен тарақандардан қалай құтылуға болады?
Қазақстанда негізінен тарақанның екі түрі таралған
Тарақандар жер бетінде осыдан 235 млн жыл бұрын пайда болған. Олардың 5 мыңнан астам түрі бар. Ал Қазақстанда 10-нан астам түрі тіршілік етеді. Көп таралғаны – сары және қара тарақандар. Зиянкестердің дәл осы екі түрі ел тұрғындарының пәтерін жайлап, қолайсыздық тудырып отыр. Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиология департаментінің бас маманы, энтомолог Айбарша Дүйсенбайқызының айтуынша, олар далалы алқаптарға қарағанда, көбіне тіршілік етуіне ынғайлы үй жағдайында тез көбейеді.
«Тарақан - жорғалаушы жәндіктер тобына жататын тіршілік иесі. Олардың түрлері өте көп. Әлемде қара, ақ, сары, мысырлық, түркімен, америкалық, мадагаскарлық түрлері кеңінен таралған. Бұлар көбіне далада және үй жағдайларында тіршілік етеді. Ал еліміздің территориясында негізінен сары және қара тарақандар мекен етеді. Далада және жертөлелерде кездесетіні – ол қара тарақан. Ал үйде мекендейтіндері - жәндіктердің сары түрі. Дегенмен оңтүстік өңірлерде басқа да түрлері кездеседі. Олар еліміздің жылы аймақтарынан өсімдіктер арқылы тасымалданады», - деді маман.
Аталған жәндіктер -5°С төмен температурада тіршілік ете алмайды. Маман мәліметінше, олардың өмір сүруіне су, тамақ қалдықтары және жылы жер болса жеткілікті. Олар әсіресе, пәтердегі лас жерлерде пайда болады. Яғни, тазалықтың дұрыс сақталмауынан, азық-түлік қиқымы шашылған және сулы жерлерге үйір. Сондықтан олардың көбейетін орны – ас бөлмесі және жуынатын бөлме. Сондай-ақ тарақандар кәріз құбырларының бойында көп кездеседі. Егер дұрыс залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмесе, олар қабырға жарықтарында немесе құбыр астында қалып қояды. Кейін улау процессі жүргізілген пәтерден қашып, тұрғын үйдің барлық қабаттарына тарайды. Осылайша, зиянкестердің жұмыртқалары жылдан жылға баспананың әр қабаты мен бөліктерінде қалып отырады.
Тарақан көп жерде коньяктің иісі шығады
Энтомолог маман Айбарша Дүйсенбайқызы пәтерде тарақандарды қандай белгілері арқылы анықтауға болатынын атады.
«Егер қандай да бір тұрғынның баспанасында тарақан көп болатын болса, онда ол жерлерде арнайы иіс болады. Тарақандар жайлаған аумақта коньяк ішімдігінің иісіне ұқсас иіс сезіледі. Мұндай жағдайлар көбіне жалғызбасты әрі егде жастағы тұрғындардың үйінде орын алады. Біздің қызметке көршілері шағым түсіріп барған уақытта осындай иісті аңғарамыз. Ал пәтерде бұл зиянкестер аз көлемде болса, үстелдің астында, шкафтардың топсаларында, ас бөлмедегі техникалардың төменгі тұсында қара дақтар пайда болады. Ол олардың сыртқа шығаратын нәрі. Сондықтан осы орындарды жиі тексеріп, бақылап отырған абзал. Сонымен қатар, тарақандар дәмхана және мейрамханалардың ас дайындайтын бөлмесіндегі техникалардың ішкі және астынғы бөлігінде орналасады. Мәселен, тоңазытқыштардың қозғалтқышы тұрған жер олар үшін қолайлы. Өйткені, жұмыс істеп тұрған техника қызатыны белгілі. Ал тарақандар өз кезегінде жылы мекендерді ұнатады, осындай орында тез көбейеді», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиология департаментінің бас маманы Айбарша Дүйсенбайқызы.
Үйдегі бір тарақан 6 ай өмір сүруі мүмкін
Шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, тарақандар көбею үшін мезгіл таңдамайды. Олар жыл бойы үздіксіз жұмыртқалай береді.
«Негізі сары тарақан 6 немесе 6,5 ай өмір сүреді. Бұдан бөлек, олар әрбір үш күн сайын жұмыртқалайды. Ол қатты қабықша күйінде болады. Оның ішінде 30-40 жұмыртқаға дейін орналасады. Кейін сол алты ай ішінде ірі тарақан деңгейіне дейін дамиды. Осы процесс негізінде жарты жылда аналығы өлгенімен, оның орнына жаңасы пайда болып отырады. Ал қара тарақандар жертөлелерде мекен ететіндіктен, аталған жәндіктердің өмір сүру ұзақтығы сары тарақанға қарағанда аз. Тиісінше, жұмыстқа салу жиілігі де төмен болады. Яғни, олардың қабықшасында 17-20 жұмыртқаға дейін ғана орналасады», - деп мәлім етті маман.
Тамақсыз бір жарым айға дейін өмір сүре береді...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тарақандар ауру тасымалдағыш жәндіктер арасында екінші орында. Бірінші кезекте қауіпті індет тасымалдайтын – ол шыбын. Ұйым дерегінше, тарақандар әсіресе дизентерия, сүзек, тырысқақ және туберкулез сияқты ауруларды тудыратын қоздырғыш бактерияларды тасымалдайды.
«Тарақандар лас жерде жүретіндіктен, түрлі бактериялар, вирустар мен микробтарды таратады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарақандарды қауіпті ауру тасымалдаушы дегенімен, дәл осы жәндіктерден жұққан аурулар немесе науқастар туралы статистика жоқ», - деп толықтыра кетті Айбарша Дүйсенбайқызы.
Жәндіктер пәтерден пәтерге көшеді және көбіне шетелден импортталатын тауарларымен келеді. Маман ақпаратына қарағанда, олар дүкендерге барған уақытта сөмке немесе киімдер арқылы ілігіп келіп, үйге енеді.
Олар көбіне осындай жағдайда тасымалданады.Тарақандар үшін басты қажеттілік – су. Себебі сары тарақанға су жетпесе, ол 7 күннен артық тіршілік ете алмайды. Дегенмен тамақсыз бір жарым айға дейін өмір сүре береді», - деді энтомолог маман.
Тарақандар салқында қырылып қала ма?
Ғылыми зерттеулер нәтижесі тарақандар төмен температурада өмір сүре алмайтынын көрсеткен. Себебі олардың сырқы қабыршығы өте жұқа. Алайда, бұл – тарақандар салқында қырылып қалады дегенді білдірмейді. Қорғану мақсатында аталған жәндіктер кәріз құбырларының бойымен пәтерлерге кіреді. Көпшілігі қыс мезгілінде есік, терезелерді ашып қойсақ, тарақандар өледі, деп ойлайды. Осы орайда айта кеткен жөн – аталған жәндіктер одан тіршілігін тоқтатпайды.
«Салқын немесе улау жүргізілсе, аталған жәндіктер қабырғада немесе еденде бар жарықтар арқылы басқа жерге уақытша көшеді. Мысалы, үйдегі шкафтың ішінде көп болып, оны қыс уақытында далаға шығарып тастасаңыз, онда тарақандар өледі. Алайда, ескеретін дүние бар. Жәндіктер өлгенімен, оның жұмыртқалары төмен температурада тіршілігін жалғастыра береді. Өйткені, жұмыртқа орналасқан қабықша қатты ыстық пен суыққа төзімді. Кейін шкафты дұрыс тазартпай үйге қайта кіргізсеңіз, онда оның қуыс-қуысында қалған жұмыртқалардан жәндіктер дами береді. Даму процесінде жатқан тарақандарға у да әсер етпейді. Олардың сыртқы қабатынан залалсыздандыруға арналған дәрілік препараттар өтпейді. Олар қабықтан үш айдан кейін шығады. Тек сол кезде ғана оларға у әсер етеді», - деп түсінік берді Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиология департаментінің бас маманы.
Үйде тарақан болса, маман шақыртыңыз!
Сала мамандарының айтуынша, тарақан, қандала немесе осындай өзге де жәндіктерді үй жағдайында өз бетінше улау дұрыс емес. Бұл - аса қауіпті. Бүгінде зиянкес байқалса, үйіне «Квикфос», «Палач» сияқты химиялық препараттарды сеуіп тастайтын тұрғындар аз емес. Ол - бірінші кезекте балалар денсаулығы үшін аса қауіпті. Тек тарақан жайлаған пәтер емес, зардабы көршілеріне де тиеді. Осы орайда еске сала кетейік, 2020 жылы ақпанда Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі отбасы уланып, кішкентай бала көз жұмды. Қайғылы оқиға көршілеріне ескертпестен жәндіктерді улау кезінде болған. Салдарынан қабырғалас пәтердегі кішкентай бүлдіршін қаза тапты.
«Егер үйде тарақанның бар екені туралы белгілер пайда болса, онда арнайы залалсыздандыру мамандарының көмегіне жүгінген жөн. Қазір көп жағдайда адамдар өз бетімен улау жұмыстарын жүргізеді. Оның салдары улану, өлім жағдайына әкеліп соғып жатыр. Елордада тарақан, қандала және шыбындарды залалсыздандырумен айналысатын, лицензия алған 28 ұйым бар. Сондықтан аталған қызмет көрсетушілерге хабарласқан орынды, деп есептейміз. Ұйымдар бір реттік келісімшарт жасап, тарақан жайлаған орындарды өңдеп береді және оның алдын-алу шараларын түсіндіреді.
Үй жағдайында тарақан және қандаламен күресу мүмкін емес. Сондықтан арнайы мамандардың қызметіне жүгінген дұрыс. Өйткені үй жағдайында пәтер иесі қандай орындарға өңдеу жасау қажет екенін білмейді.
Тарақандарды улау барысында 24 сағат үйде ешкім болмауы қажет. Дезинфекция жасалғаннан кейін келесі күні қызмет көрсетуші кәсіпорын келіп, қанша тарақан өлгенін және олардың тағы да пайда болуы мүмкін орындарды тексереді. Осы жұмыстар аяқталған соң, терезелерді ашып, үйді желдету керек. Сондай-ақ, пәтерді толық жуып алу маңызды.
Бізде елордада залалсыздандыру жүргізсе, оны көршілеріне айтпайды. Сантиралық ережеде жан-жақта орналасқан ғимараттар мен онда тұратын адамдарға ескерту керектігі жазылған. Қарапайым бір үйді өңдесе, тарақандар келесі пәтерге қашып барады. Сондықтан оны көршілерге ескертіп, бірлесе улау қажет. Дизенфекциялаумен айналысатын компания қызметкерлері де мұны ескертеді. Мәселен, 2019 жылы өлім жағдайы тіркелді. Егер улану жағдайы орын алса, онда көршілер заңға жүгініп, арыз түсіре алады.
Биылғы жарты жылдықта түрлі орындарды тарақан жайлағаны туралы 7 дерек тіркелді. Оның біреуі сауда орталығы болса, төртеуі қоғамдық тамақтану орындарынан, тағы біреуі өнеркәсіптік кәсіпорыннан түсті», - деп сақтық шараларын ескертті Айбарша Дүйсенбайқызы.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау» Кодексінің 107 бабында дезинфекциялау шаралары туралы жазылған. Оған сәйкес, қандай да бір тұрғын үйден немесе пәтерден зиянкес жәндік анықталса, онда сол баспананың иесі өз қаражаты есебінен залалсыздандыру жүргізуі тиіс. Ал қомғамдық орын, мектеп, балабақшаларды арнайы қызмет көрсететін ұйым келісімшарт негізінде ақылы түрде дезинфекциялайды. Мұндай шаралар ай сайын өткізілуі тиіс. Дегенмен оны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қадағаламайды. Өйткені, тексеріс жүргізуге тиісті құжаттармен мораторий жарияланған. Қызмет тек арнайы арыз-шағымдар бойынша ғана әрекет етеді.