Қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды
Тереңөзек кенті мәдениет үйінің залында қоғамдық қабылдау болды. Аталмыш шараға аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Мырзахметова, аудандық партия филиалының қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтар назарға алынып, заң шеңберінде жауап қайтарылды.
Аталмыш жиын аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен "Сырдария Нұрдария" ҚҚ ұйымдастыруымен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша өткізілді.