Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның рухани шамшырағы

Ауданның рухани шамшырағы

Бұқаралық ақпарат құралдары – еліміздің руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңа­лықтармен сүйіншілейтін біздің ең жақын серігіміз. Осы орайда, жергілікті «Тіршілік тынысы» газеті ауданымыздың рухани шам­шырағы екені баршамызға белгілі.

Бүгін 9000-шы нөмірі шығып жатқан басылымда аудан көлемінде болып жатқан көпшілік-мерекелік іс-шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Ауданның тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Жергілікті газет арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпараттар алады. Сондықтан да сырдариялықтар ең алдымен аудандық басылымды ізденіп оқитынына сенімдімін.

Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық. Аудандық редакция ұжымын 9000-шы нөмірдің шығуымен құттықтап, шығармашылық табыс тілеймін!


Ержан ӘЖІКЕНОВ,
Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы
13 қараша 2021 ж. 293 0