Ауданда шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Сондай-ақ, шаруашылық құрылым жерлерінен 8000 гектар зерттеліп, залалданған көлем 1125 гектар, химиялық өңдеуге жататыны 800 гектар.
Бүгінде шаруашылық құрылымдары жерлерінен 400 гектар, мемлекеттік жер қорынан 1500 гектар жер саяқ шегіртке дернәсілдеріне қарсы өңделді.
Өңдеу жұмыстары әуе арқылы жүргізілді. Өнім беруші «АВИЯКОМПАНИЯ ДЕЛЬТА-ЮГ» ЖШС-гі, қолданылған пестицид атауы–АХИЛЛЕС. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылы 26 маусымда аяқтау жоспарлануда.
Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі