Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада шегірткеге қарсы 144 мың гектар алқап өңделеді

Қызылордада шегірткеге қарсы 144 мың гектар алқап өңделеді


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысы бойынша 144 392 гектар алқап зиянкестерге қарсы өңделетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде шегірткенің италиялық прус және азиялық түрлері кездеседі. «Ерекше қауіпті азиялық шегіртке зиянкестеріне қарсы жазғы-күзгі мониторинг қорытындысымен үстіміздегі жылға 78 849 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Өңдеу жұмыстарын 27 мамырдан 25 маусымға дейінгі аралықта жүргізу жоспарланып отыр. Шегірткенің бұл түрі облыстың барлық аумағында кездеседі. Әсіресе, Арал мен Шиеліде көбірек көрініс беріп отыр. Атап айтқанда, Аралда - 17,8, Шиеліде 16,9 гектар алқап азиялық шегіртке түріне қарсы өңделсе, ол Қазалыда - 10,8, Жалағашта 9,5, Жаңақорғанда - 7,1, Сырдарияда - 6,6, Қармақшыда - 6, Қызылордада - 4 мың гектарды құрайды», - дейді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Еркебұлан Бекжанов. Италиялық прус түрі Арал ауданында шоғырланған, онда 44,1 мың гектар алқап аталмыш зиянкеске қарсы өңделеді. Ал Қазалыда - 10,5, Жалағашта - 9,2, Сырдарияда - 1, Қармақшыда - 0,7 гектар алқап өңдеуге жатқызылады. Жалпы алғанда, бұл бойынша 65 543 гектар жерге химиялық өңдеу жүрізіледі.
Әділет ҚАҢТАРБАЕВ
inform.kz
19 сәуір 2018 ж. 928 2

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 12:21
Viagra Ragazzi Cialis Dose Maximale Sito Affidabile Acquisto Kamagra viagra online pharmacy Arcoxia Erfaringer

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 14:33
How Long Do Zithromax Side Effects Last Buy Cialis Cheap Cialis Osterreich Preis generic cialis canada Medicina Cialis Soft