Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті
Кәсіпкерлерге қолдау білдіру мақсатында аудан әкімі Мұрат Ергешаев биыл іске асырған 2 нысанды аралады. Оның бірі – Нұржан Қосуақовтың кәсібі калифорниялық қызыл-құрттарды өндіру. Ерекше бизнес түрімен айналысып жатқан кәсіпкер бұл салаға қызығушылықпен келгенін жеткізіп, алдағы уақытта биогумус органикалық тынайтқыш топырағын өндіруді қолға алмақ.
Ал ағымдағы жылы «Ұлттық жоба» шеңберінде мемлекеттік қолдаудың грантын алуға өтініш білдірген. Қажетті қаражат көлемі 2 миллион теңгені құрайды. Аудан басшысы кәсіпті өркендету үшін әрдайым қолұшын созуға дайын екенін жеткізді.
Мұнан соң Қайрат Қосылғанұлының өндіріс орнын аралап, жұмысымен танысты. Жас кәсіпкердің тыңғылықты тірлігі көпшіліктің көңілінен шығуда. Пластикалық терезе өндірісін қолға алған Қайрат Қазиев бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
– Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келгенге таза ниет болса болғаны. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жайт, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Аталған кәсіпкер де мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруге бекінген. Сонымен қатар ол «Сэндвич панель» өндірісін бастауды көздеп отыр. Мемлекеттік грант алуға өтініш білдіріп, 5 миллион теңгеге кәсібін кеңейтсем дейді.
Аудан басшысы кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өндіріс пен қызмет көрсету саласының дамуы басты мәселе екенін атап өтіп, ауданның көркеюі мен әл-ауқатының жақсаруы үшін кәсіпкерлерді біріге жұмыс істеуге шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі