Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сырдариялық бүлдіршіндер сайысқа түсті

Сырдариялық бүлдіршіндер сайысқа түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлімі «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында филиал қызметкерлерінің балалары арасында сайыс өткізді. Алдымен балалар үш командаға бөлініп, спорттық сайыста сынға түсті. Мұнан соң түрлі сұрақтар мен жұмбақтар қойылып, бүлдіршіндер өз алғырлықтарын байқатты. Жиында балаларға мерекелік дастархан жайылып, бөлім басшысы Жұмабаек Ембергенов оларға мадақтама табыстады.

-Биыл балалар үшін ерекше жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай елімізде балалардың шығармашылығын, білімін, денсаулығын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуыда. Біз де сіздерді қуанту мақсатында бас қосып отырмыз. Баршаңызды «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әрқашан жүздеріңізден шад-шадыман күлкі кетпесін, - деді Жұмабек Ембергенов.

Шара соңында балаларға сыйлықтар табысталып, тәттілер үлестірілді.
03 маусым 2022 ж. 427 0