Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Колледж ұжымы референдумға қолдау білдірді

Колледж ұжымы референдумға қолдау білдірді

«AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға арналған республикалық қоғамдық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Жаңақорған ауданындағы аграрлы-техникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. 

Кездесуде алдағы референдумның мән-маңызы, онан күтілетін нәтижелер жайы талқыланды.

«Конституцияға енгізілетін түзетулер билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге негізделіп отыр. 

Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық парызымыз. Сондықтан саяси науқанға барлығымыз белсенділік танытып, болашақтың іргетасын бірге қалауымыз керек» деді штаб мүшесі Бақытбек Смағұл.

Сондай-ақ, кездесуге облыстық штаб мүшесі Нұриддин Әмитов пен аудандық штаб мүшелері қатысып, алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін жеткізіп, 5 маусымда дауыс беруге шақырды. 

Жиында колледж қызметкерлері өз ұсыныстарын жеткізіп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтындарын және Жаңа Қазақстан құру жолындағы біркісідей атсалысатындарын айтты.
27 мамыр 2022 ж. 526 0