Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа жол жоқ

Сырдария аудандық қазына­шы­­лық бас­қар­масында «Сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы мәдениет» тақы­бырында дөңгелек үстел кез­десуі өтті. Бұл кездесуге «Аmanat» партиясы Сыр­дария аудандық филиалы жанын­дағы сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес­тің төрағасы Ш.Нұрсейітов арнайы қа­тысты.

Онда басқарма басшысы З.Рақымшаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қа­лыптастыруды қамтитынын айтты. «Бұл заңның 9-бабында қаралған, – деді З.Рақымшаева.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет, ол білім беру, ақпараттық және ұйым­дастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мә­дени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалып­тастырады.

Басқарманың операция тобының бас маманы Индира Сәрсен қызметкерлердің бойындағы парасаттылық, оның маман ретіндегі құзіреттілігі, сондай-ақ заңсыз әрекеттер жайлы айтып келіп:

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қыз­меті қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қо­ғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қо­ғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қа­нағаттандыруды білдіреді. Қоғам мемлекеттік қыз­метшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп сенеді. Қоғам мен мемлекеттің сенімінен шығу үшін мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, сыпайы, қарапайым болуы тиіс. Қызмет бабын жеке мүддесіне пайдалануға болмайды. Олардың Отанға деген адал ниеті, парасатты болуы шарт. Дана ақын А.Құнанбайұлының сөзімен, олар пайда ойламай, ар ойлауы тиіс. Ар дегеніміз – тазалық. Отанымыз – біреу, ол – Қазақстан. Отанымыздың болашақтағы бейнесі халықтың мүддесінен шығуы үшін және ке­йінгі ұрпақ алдындағы парызымыз адал, тиісінше бо­луы үшін – тазалықты әр азамат өзінен бастауы қажет. Заң аясында әрекет еткен жағдайда мақсат қойған Жаңа Қазақстанның іргетасының мықты болатынына сенім мол, – деді.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу, болған жағдайда оған берілетін жаза, пара­қорлық пен делдалдық жөнінде жан-жақты айтылды.

Сондай-ақ аудандық штаб мүшесі Ш.Нұрсейітов басқарма қызметкерлеріне референдумға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.






Ш.Балтабайұлы
31 мамыр 2022 ж. 312 0