Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ​Қызылорда облысында референдумға байқаушыларды дайындау белсенді жүргізілуде

​Қызылорда облысында референдумға байқаушыларды дайындау белсенді жүргізілуде

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандарында байқаушыларға оқыту семинарларын жүргізді. Семинарға барлығы 1300-ден астам байқаушылар қатысты.

Ең алдымен Ж.Тұсмағамбетов: «Референдум қазақ халқының құқықтық қайнар көзі. Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша біз жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Барша қазақстандықтар референдумға белсене атсалысуы қажет деп санаймын», – деп атап өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының, "Референдум туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары, сайлау процесіне қатысушылардың рөлі және референдум өткізілетін күнгі байқаушылар институтының маңыздылығы қаралып, жан-жақты түсіндірме берілді.
26 мамыр 2022 ж. 302 0