Медиация жұбайлардың ұзақ мерзімді некесін сақтап қалды
Сырдария аудандық сотында талап қоюшы Д-тың жауапкер Б. арасындағы некені бұзу туралы талабы тараптардың татуласуымен реттелді.
Талап мәні бойынша, жұбайлар жиырма тоғыз жылдан астам уақыт некеде тұрып, ортақ некеден бір балалы болған. Талап қоюшы отбасылық қарым-қатынасты сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.
Тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, отбасылық қарым-қатынасты сақтап қалу жөнінде медиативтік келісім жасасқан.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі