Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекет басшысының құттықтауын табыстады

Мемлекет басшысының құттықтауын табыстады

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкі­мі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы барлық соғыс арда­геріне барып, Президент атынан майдангерлерді құт­­тықтап, құрмет көрсетті. Аймақ басшысы Сырдария­ ауданында тұратын 100 жастағы Ұлы Отан соғы­сы­ның ардагері Яхия Тасыровқа да арнайы келіп, құт­тықтады.

Аймақ басшысы ғасыр жасаған ардагерге зор денсаулық тілеп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Сондай-ақ бұл құрмет бір күнмен шектеліп қалмайтынын, ар­дақ­ты ардагерлердің ел үшін жасаған ерлігі әрдайым дәріптелетінін жеткізді.

– Сіз соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны жаудан қорғап, Гер­манияға дейін аман жеттіңіз. Отан қорғауда еліміздің әрбір тұрғыны үлгі аларлық ба­тылдық таныттыңыз. Отты жылдары кеудеңізді оққа тосқан қайсар мінезіңіз бен ерен еңбегіңізге бас иеміз! Біз мұны мәңгі есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз. Соғыстағы ер­ліктеріңіз бен бейбіт жылдардағы еңбектеріңіз, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайту­ға қосқан үлесіңіз шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге. Әрдайым аман болыңыз, ұрпағыңызбен мың жасаңыз, – деді облыс әкімі.

Ғасыр куәгері Яхия Тасыров мерекемен құттықтап келген қонақтарға алғыс білдіріп, елге тыныштық тілеп, ақ батасын берді.

– Қиындықтың бәрі артта қалды. Енді соғыс болмасын. Сырттың сұқ көздерінен сақ­тап, елде тек ауызбіршілік орнасын. Ел қамын ойлар азаматтар аман болып, әр ша­ңырақта береке ұя салсын, – деді Яхия Тасыров.






Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
12 мамыр 2022 ж. 359 0