Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Референдумның мәні түсіндірілді

Референдумның мәні түсіндірілді

Бүгін Тереңөзек кенті мәдениет үйінде аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Ш. Нұрсейітов Конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізудің маңыздылығы туралы мәдениет саласы қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сала қызметкерлері өз кезегінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы бұл шешіміне толық келісетіндіктерін атап өтті.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 5 мамыры күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. «AMANAT» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдары жанынан штабтар құрылып, өз жұмысын бастап кетті.
11 мамыр 2022 ж. 707 0