Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып ҰОС ардагері Тасыров Яхия атаны Жеңістің 77 жылғы мерекесімен құттықтады.

Майдангер 1922 жылы дүниеге келген. Ол сұрапыл соғыс басталғанда небәрі 19 жаста болған. Жастық жалыны мен күш-қайратын Отан қорғауға жұмсаған азамат соғыстың бас кезінде броньмен қалдырылған. Осы кезде Ленинградтан, Ресейдің басқа да үлкен қалаларынан тоқыма мата комбинаттары Ташкентке қоныс аударғаны белгілі. Себебі соғыс жағдайында олар эвакуацияланды. Бұл Ташкенттің тоқыма-мата комбинатының жұмыс ауқымының кеңеюіне әсер етті. Яхия Тасыров күндіз-түні жұмыс басынан табылды. Дегенмен 1941 жылдың желтоқсан айында тоқыма-мата комбинатының іргесіндегі Фрунзе аудандық әскери комиссариатына шақырылып, майданға аттанады.

– Мен артиллерия әскери күштері құрамында Сталинград, Курск қалалары мен Беларусь, Польша, Германия елдерінде шайқасқа қатыстым. Біз бір күні жүздеген әскер таудың етегіне орналастық. Дон өзенінің жағасында «Красная балка» атты терең сайға қаруларды ату шебіне бағыттап құрдық. Командирлердің тапсырмасымен тереңдігі үш метрдей етіп ор қазып, жау танкілерінің өтуін болдырмаудың шараларын жасадық. Әр солдаттың өз міндеттері болушы еді. Алғашқы соғыс болған жазық даланы жау миналап тастағаны есімде. Алма-кезек ұрыстарда менің қолым дыз ете қалғандай болды, содан соң барып байқадым, снаряд жарықшағы тиген екен. Жау танкілері қазылған ордан өте алмай кері шегінді. «Клим Ворошилов» деген жазуы бар Кеңес әскерлерінің танкілері жауды қуа жөнелді, – дейді соғыс жылдарын ой елегінен өткізген қария.

Бүгінде ардагер көптеген орден және медальдардың иегері, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы».









Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі

08 мамыр 2022 ж. 286 0