Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Халық қалаулылары облыс бюджетін нақтылады

Халық қалаулылары облыс бюджетін нақтылады

Бүгін аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлының қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясына қатыстым.

Сессияның күн тәртібінде «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәселе қаралды.Жиын басында аймақ басшысы депутаттарға өңірді дамыту мақсатында алда атқарылатын жұмыстар бойынша арнайы баяндама жасап, бұл бағыттағы жүзеге асуы тиіс міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.

Күн тәртібіндегі сұрақтың фракция мүшелерімен қолдау табуы алдағы жұмыстардың жоспарға сай жүргізіліп, “АMANAT”партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында жасалған Жол картасының уақытылы іске асырылуына септігін тигізетін болады.

Сессияның қарауына енгізілген барлық мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері қабылданып, шешім жобалары бір ауыздан бекітілді.




Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі

04 мамыр 2022 ж. 560 0