Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Шыдамдылық шыңға шығарады

Шыдамдылық шыңға шығарады

Айбол Кәртаевтың әскери борышын өтеп келгеніне 1 ай уа­қыт болды. Ол Шаған ауылында туып-өсіп, елді мекендегі білім оша­ғы­нан қанат қақты.

Шағандық жігіт Алматы қаласын­дағы Еуразиялық техника­лық колледжде «Автоэлектрик» мамандығын өткен жылы ғана бітіріп шықты. Ал оқу бітірісімен оған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен әскерге ша­қырту қағазы келген. Жас жігіт еш ойланбастан әскери борышын өтеуге Жамбыл облысына аттанды.

– Менің әкем Ерлан Медетов Қа­рағанды қаласында екі жыл әскери борышын өтеген. Әкемнен кейін үйдің үлкені ретінде мен де Қазақстан Рес­публикасы Қорғаныс министрлігінің №75263 әскери бөлімінде Отан ал­дындағы міндетімді өтедім. Әскери бөлім Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар елді мекенінде орналасқан. Сол жақта өзімнің мамандығыма жа­қын салада, яғни саперлар ротасын­да әскери қызметте болдым. Бір жыл уақыттың ішінде әскери ұрыс тәсіл­дерін меңгердік. Сондай-ақ төзімділік, шыдамдылыққа бейімделдік. Әскери өмір ер жігітті шынықтырады, қандай қиындық болса да жеңіп шығуға бау­­лиды, – дейді қатардағы жауынгер Айбол Ерланұлы.

Жас сарбаз әскердегі спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жақсы тәртібімен өз міндетін абыроймен атқа­­рып келген. Енді мамандығына сай жұмыс істеп, болашағын қалып­тас­­тырмақ. Ол ер жігіттің Отанға адал болып, әскери міндеттен жалтармаға­нын дұрыс деп санайды.



Е.ЖАППАРБЕК
04 мамыр 2022 ж. 431 0