Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отан үшін қызмет ету – үлкен жауапкершілік

Отан үшін қызмет ету – үлкен жауапкершілік

Аудандық қорғаныс бөлімі осы­дан 14 жыл бұрын жұмысын бас­таған болатын. Жаңадан құрыл­ған бөлімнің қыз­метін үйлес­тіру қызметкерлер үшін негізгі мақсат болды. Осындай жауап­кершілік жүгін көтере білген кәсіби ма­манның бірі – Жәнібек Есепбаев. Ол «Отанды қорғау ерлердің айбын­ды борышы» екенін жастарға барынша ұғындырып келеді.

Бүгінде аудандық қорғаныс бөлі­мінде азаматтарды көктемгі әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде. Тәжі­рибелі маман Жәнібек Есепбаев аудан жас­тарын әскерге жіберуге дайындау үс­тінде. Барлық баланы медициналық тек­­се­руден өткізу, құжаттарын талапқа сай ету сала маманына жүктелген. Әр­бір отбасының үкілеген үміті саналатын жас­тарға Отан қорғаудағы негізгі мін­дет­терді Жәкең үнемі айтып отырады.

– Мен бала кезімнен әскери қыз­метте еңбек етуді армандадым. №210 О.Абдулпаттаев атындағы орта мектепте білім алдым. Отан алдындағы борышымды Ақтөбе облысындағы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерінде өтедім. Жас сарбаз бола жүріп кез келген қиындыққа шыдас беру арқылы өз мамандығымның негізін қаладым. Әскерден оралғаннан кейін Қызылорда қаласындағы Болашақ университетіне «Алғашқы әскери дайындық» маман­дығы бойынша оқуға түстім, – дейді Жәнібек Кеңесбекұлы.

2008 жылы аудандық қорғаныс бө­ліміне жұмысқа орналасқан Жәкең жастардың денсаулығына байланысты кінәраттар көп кездесетінін айтады. Көбіне көз және бас ауруларына байланысты шағымдар жастардың әскерге баруына кедергі келтіреді екен. Әрбір жас өрендердің құжатын дайындау барысында ыждағаттылық маңызды рөл ойнайды. Облыстық тексеру коммиссиясына жолданған сырдариялық жас­тар бой мен салмағына, денсаулығына қатысты әскери бөлімшелерге бөлі­неді. Қорғаныс бөліміндегі осындай қызметтерді сала маманы абыроймен атқаруда.

– Жәнібек – екі қыздан кейін дү­ние­ге келген отбасында кенже ұл. Ең алғаш әскери қызметке орналас­қанда үлкен қорқыныш болды. Бірақ ұлымның әскери салада абыройлы қызмет ететініне сендім. Қазіргі таңда тынымсыз еңбектің арқасында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуде. Жұмыс барысында күні-түні қызмет ететін, елді мекендерді аралап тұр­ғындарға түсіндірме жұмыстарын жүр­гізетін кездері болады. Сондықтан отбасы мүшелері оған ерекше қолдау көрсетіміз. Еліміздің тыныштығы, халықтың бейбіт өмір сүруі ұлым секілді Отан қорғаушылардың еңбегінің арқасы деп білемін, – дейді Жәнібектің анасы Бақтыбике Есепбайқызы.





Балтабай ОРДАБЕКОВ
04 мамыр 2022 ж. 401 0