Биыл 750-ге жуық азамат әскерге аттанады

«Биыл шекара қызметіне 100-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке жолданды. Ал ҚР Ұлттық ұлан қызметіне 300 сарбаз аттанбақшы. Азаматтарды жөнелту жұмыстары барлық санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Қалалық және аудандық шақыру пунктеріне санитарлық посттар қойылды. Сондай-ақ, облыс әкімінің қаулысы негізінде облыстық жиын пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша полиция патрулі және жол патрульдік полиция қызметкерлері қамтылды. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты азаматтар жөнелтілетін болады», – деді Айдын Сағынбеков.
«Қала және аудан әкімдерінің қаулыларына сәйкес медициналық комиссияларда тәжірибелі дәрігерлер қызмет етеді. Бүгінде азаматтарды әскерге жөнелту жұмыстары тиісті кестеге сәйкес өткізілуде. Сонымен қатар, әскер қатарына шақыру мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануда», – деді мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы Нұржан Мелдебеков.