Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Авиация полкінде борышын өтеген

Авиация полкінде борышын өтеген

Ұлт мақтанышы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Жауынгер – ел үшін жан аямай отқа да, суға да түсуге дайын адам. Жауынгерлік тәрбие ең алдымен жөргекте жатқан кезден басталады. Бала кішкентай кезінен бастап парыз сезімін сезініп өссе, оның бойында еліне, жұртына деген махаббаты оянады» деп рухани ой айтқан.

Бүгінде аға­лық жас­тан асып, ал­пыс­ты ал­қым­да­ған аға бу­ын өкіл­дерінің бо­йында осындай күш-жігер мен қай­сар мінез қалыптасты. Олар үшін Отан алдын­дағы борыш ер-аза­маттың абыройлы міндеті саналды. Олар қазіргідей бір жыл емес, екі-үш жыл бойы әскер қатарында қызмет етіп, аза­маттық парызды өтеді.

Тереңөзектік Ақылбек Аймышев – бүгінде сол алпыстың төріне шық­қан азамат. Ол осыдан 41 жыл бұ­рын 19 жасында әскерге аттанып, қа­сиетті борышын орындады. Бүгінде ондаған жыл өтсе де әскерге баруды ер азаматтың алдындағы парызы деп біледі.

– Әскер қатарына мектепті бітір­ген соң бір жылдан кейін алындым. Украинаның Львов қаласына Қы­­зыл­­ордадан 80 жігіт аттандық. «Чер­ляни» деген әскери қалашыққа кел­­ген соң жерлесім Бекмұрат Же­ті­баев­пен бірге №82326 әскери бө­лім­шеге түстік. Жалпы ротада 15 қазақ, қалғандары – өзге ұлт өкілдері.

Командиріміз А.По­лищук тәртібі қатал әскери өмірге бейімдеді. Он сегіз жасымда жүргізуші куәлігін алғандықтан автомобиль ротасында әскери міндетімді атқардым. Жалпы әскери бөлімше авиация полкі еді. Сол полк құрамында әскери ұшақтарға қажетті сұйықтық азотты тасымалдаумен айналыстым. Күндіз-түні ұшақтарға қажетті отынды та­сыдық. Көлігім «ЗИЛ – 131» болды, – дейді қатардағы жауынгер Ақылбек Әбжаппарұлы.

Ақылбек ағаның бауырларының үлкені Бақытбек Украинада, Асылбек пен Алтынбек Германияда, Дос­бол Тәжікстанда әскерде болса, Ербол інісі Жамбылда қасиетті борышын өтеген. Атадан қалған ізгі жолды Ақылбек ағаның ұлдары Жандос пен Мұхтар да жалғастырған. Қос шекарашы – Отан алдын­дағы парызын өз елімізде өтеген азаматтар.

«Отанды қор­ғау – абыройлы міндет» деген тереңөзектік азамат Отан алдында берген антына адал­дық танытпау ер азаматқа сын деп санайды.

– Әскер қатарында болу – үлкен баспалдақ, өмір мектебі. Ер азамат болып дүниеге келген соң міндетті түрде әскерге баруың керек. Жас кезімізде әскерге алмаса, ұят саналатын. Сон­­дықтан қасиетті борышымызға адал бол­дық. Әскердің арқасында қанша­ма елді, жерді көрдім. Харьков, Львов, Қырым, Кас­пий теңізі жаға­ла­уында болдым. Өзге ұлттың тілін білдім, дәстүрін көрдім. Сол себепті де Отан алдындағы борышымды өтеп келгенімде өзімді нағыз азамат ре­тінде сезіндім. Қазір керісінше ер жігіттер әскерден жалтарады, әскери өмірден жасқанады. Жастар еш қорықпай, Отанды қорғау ата-ба­ба­дан мирас болған аманат екенін ұмытпаса деймін. Сырттан келген жаудан Отанды, отбасыңды өзің қорғамасаң, басқа кім қорғайды? Сондықтан әскер қатарына шақырту келсе, бас тартпау керек, – дейді А.Әбжаппарұлы.

Ақылбек аға әскерден келген соң ауданда құрылыс саласында жұ­мыс істеді. Көліктің де неше тү­рін тізгіндеді. Қарапайым жұмыс істеп, әбден ысылған құрыш қолды құры­лысшы атанды. Бүгінде аудан, облыс көлемін айтпағанның өзінде Қа­зақстанның көптеген қалаларында екі мыңнан астам үйдің құрылысын жүргізді. Кәсіби тасқалаушының құ­ры­лыс бригадасы – бүгінде бесаспап мамандар.

Ақылбек Әбжаппарұлы Құдай қос­қан жары Шолпан апамен бес ұлды тәрбиелеп өсірді. Қазір 7 немеренің ата-әжесі. Ақылбек аға анасы Бал­күлдің жолын қуып құрылысшы бол­ды. Оның әкесі де қарапайым жұ­мысшы еді. Үлкен әулеттің тоғыз ұл-қызының ұрпағы бүгінде тамыры тереңге кеткен алып бәйтерекке айналды.

Отанды қорғау жолында әскери бо­рышын абыроймен өтеген азаматты және барша Отан қорғаушыларды төл мерекемен құттықтаймыз!




Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
04 мамыр 2022 ж. 313 0