Сыр имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Айлардың сұлтаны Рамазан айына дайындықтар пысықтау мақсатында өткен жиналыста Болатбек Ұласқанұлы қала және аудан мешіттерінің бас имамдарына қасиетті айда онлайн/офлайн форматта уағыз-насихат, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, ауызашар дастарқаны жайылуын, «Рамазан айында ішімдік сатылмасын!», "Шарапатты Рамазан", "Рамазан қоржыны", «Рамазан тәбәрігі, Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шаралары, «Отбасы ауызашары», «Отбасы - рухани тәрбие ошағы», «30 күнге 30 видео уағыз», БАҚ өкілдері арасында «Рамазан – рухани тәрбие айы!» атты шығармашылық бәйгесі, «Өмірімді өзгерткен Рамазан!» пост (жазба) жазу, «Рамазан, балалар көзімен!» балалар байқауы жоғары деңгейде жүзеге асырылуын және т.б. игі шаралар көптеп ұйымдастырылуын қадағалауды тапсырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі