Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӨКІЛ ИМАМ ЖАҢА ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

ӨКІЛ ИМАМ ЖАҢА ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы Өңірлік коммуникациялар орталығында Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.
  Жергілікті БАҚ өкілдерінінің қатысуымен өткен жиында, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың құттықтау сөзімен бастаған Өкіл имам Рамазан айының қадір қасиеті мен ораза ұстаушы адамның дәрежесіне ерекше тоқталып, медицина тұрғысынан адам денсаулығына тигізер пайдаларын баяндады. Қасиетті айда ұйымдастырылатын, дәлірек айтқанда, «Құран жаттау орталығын ашу», «республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, жамағатпен кездесу ұйымдастыру», «жаңа үлгідегі сайт парақшасы мен мобильді қосымшасын іске қосу», «қайырымдылық акцияларын өткізу» және т.б. шаралардан хабардар етіп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндіріп, тілшілердің сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамаларын тілге тиек етіп, «Ислам және отбасы» жылы аясында атқарылатын жаңа жоспарларымен бөлісті.
16 мамыр 2018 ж. 1 021 0