Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ыстық нан іздесеңіз...

Ыстық нан іздесеңіз...

11 мыңға жуық халқы бар Тереңөзекте кәсіп­кер­лік саласы түрлі бағытта дамып келеді. Тың­нан тү­рен салған бизнес иелері жергілікті ха­лы­қ­­­­қа тиімді кәсіп ашуға дағдыланған. Қазіргі уа­­қыт­та аудан орталығында сауда үйлері, асханалар желісі, фасфуд орталықтары, тігін шеберханалары, шағын базарлар, құрылыс заттарын сататын дүкендер, дәріханалар, автокөлік жуу мен жөндеу жұмысын жандандыру жолға қойылған.
Ауданда 2522 кәсіпкерлік субъектісі бар болса, оның 780-і Тереңөзек кентіне тиесілі. Жақында жеке кәсіпкер Нұрсұлтан Мамықовтың бастамасымен «Ыстық нан» наубайханасы өз жұмысын бастады. Бүгінде наубайхананың ыстық нанына тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары.
«Аянат» ЖШС-нің директоры Нұрсұлтан Ма­мы­қовтың жеке кәсіппен айналаса бастағаны­на 8 жыл болған. Бұған дейін Қызылорда қаласынан наубайхана ашқан ол жеке бизнесін кеңейту үстінде. Тереңөзек кентіндегі Аманкелді Иманов көшесі бойы­нан пайдалануға берілген «Ыстық нан» наубайханасының ғимаратын жөн­деуге 3 млн теңге қаражат жұмсалған. Оның ішіне нан пісі­руге арналған пеш орнатылған.
– «Ыстық нан» наубайханасында 4 адам жұ­мыспен қамтылған. Күніне 500-ге жуық нан өнімдері өндіріледі. Сонымен бірге тұрғындарға тандыр, қатпарлы самса ұсынылады. Жергілікті халық наубайхананың ыстық нанына үйренді. Мүмкіндігінше көпшілікті нанмен қамтамасыз ету жоспарда бар. Шын мәнінде шағын бизнес­ті дамытуға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп келеді. Табыс табудың негізгі жолы – жергілікті тұрғындардың сұранысын қанағат­тандыру болып табылады. Осы күні нан бағасы 120 теңге ретінде бекітілді. Алдағы уақатта тоқаш, бәліш өнімдерін сатылымға шығару жоспарымызда бар. Нан өнімдерінің бағасында өзгеріс болуы ықтимал. Бұған ұнның нарықтағы бағасының көтерілуі себеп, – дейді жас кәсіпкер Нұрсұлтан Серікұлы.
Кент тұрғындары ыстық нан­ның сапасын жоғары бағалауда. Тәжірибелі мамандардың қо­лынан шыққан тандыр нан мен самсаны жұрт­шылық тапсырыспен алдыртып жатады. Осыған байланысты кәсіпкер дүкендер мен жеке тұрғын үйлерге ыстық нанды дер кезінде жеткізу үшін тасымал қызметін қол­данысқа енгізуді де жоспарлап отыр.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
12 наурыз 2022 ж. 563 0