Сырдарияда жаңа дүкен ашылды

Ерлер және әйелдердің сырт киімдерін сататын «Пантера» дүкенінің лентасын қиған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Лекеров аудан бойынша кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.

Өз кезегінде «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Балшекер Өтегенова дүкен иесі, жеке кәсіпкер Қарлығаш Алмағанбетоваға ақжарма тілегін жеткізді. Ал аудан тұрғындары заманауи сырт киімдерін жоғары бағалап, өз таңдауларын жасады.
Дүкен иесі Қарлығаш Алмағанбетова осыдан 10 жыл бұрын кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Ол алғаш жеміс-жидек сатуды жолға қойған. Кейіннен кеңсе заттары мен мектеп оқушыларына арналған құрал-жабдықтар сататын дүкен ашты.
– Соңғы 10 жылда аудан тұрғындарына бизнестің түрлі саласы бойынша қызмет қөрсете білдік. Кәсібімді кеңейту мақсатында сан бағытта арнайы жоспарларға иек артып келемін. Мәселен, кеңсе заттарын сататын дүкенімізді жандандыру бағытында жұмыс жасау барысында мүмкіндігіміз бұданда шексіз екенін байқаған болатынбыз. Соның нәтижесінде, 2020 жылдың наурыз айында жаңа дүкенннің құрылысын бастадық. Көп ұзамай сапалы және осы күнге лайықты заманауи үлгідегі сырт киімдер сататын дүкеніміз ашып отырмыз, – дейді жеке кәсіпкер.
Айта кетеу керек, «Пантера» дүкенінде алдағы уақытта балалар киімі мен аяқ киімдер тұтынушыларға ұсынылатын болады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ