Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Шашы ұзын қыз

Шашы ұзын қыз

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-ли­цейінің 5-сынып оқу­шы­сы Дильнара Спан­дия­ро­ваны сыныптастары «Шашы ұзын қыз» деп атайды. Расында да озат оқушыны ұзын шашы өз­­гелерден ерекшелеп тұрады. Көк­тем ме­рекесінде шашы ұзын бүл­діршінмен пікірле­судің сәті түсті.

Дильнара егіздің сыңары екен. Ол «шашымды кішкентай кезімнен бастап өсіремін» дейді. Оқушының шашының ұзын болуына анасы Алма Сматованың көп әсері бар. Анасы қы­зының шашын таза ұстап, тарауға, ұзын болып өсуіне ерекше мән береді.

– Әкем де, анам да – менің жанашырларым. Бізге жақсы тәрбие беріп, қамқор болып келеді. Үйде ата-анамнан бөлек ағам Асқар мен сыңарым Айдара бар. Менің шашым ұзындау болса, Айдараның шашы қатты ұзын емес. Қыз баланың шашы ұзын болғаны дұрыс деп ойлаймын, – дейді Дильнара бізбен әңгімесінде.

Озат оқушының сынып жетекшісі – Жанат Нұрланқызы. Мұғалім өз шәкіртінің сабағы кіл бестік екенін айтады.

– Сыныбымызда озат, алғыр оқушылар көп. Біз ер балалар­ға да, қыздарға да тәртіпті, тәрбиелі болуды насихаттап, бағыт-бағдар беріп келеміз. Дильнара қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерін сүйіп оқиды. Болашағынан көп үміт күтеміз, – дейді ұстазы.

Айта кету керек, құрылыс саласының майталманы Қо­жамұрат Сматов пен Несібелі Қыдырбайқызы – Дильнараның нағашы ата-әжесі. Олар немерелерінің ақылды, тәрбиелі болып өсіп, Спандияровтар әулетінің үміті мен сенімін ақтап, жоғары белестерді бағындырғанын қалайды. Ал білімге құштар шашы ұзын қыз мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, ақ халатты абзал жан болғысы келеді.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
06 наурыз 2022 ж. 819 0