ШАШ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР
Бүгін біз сіздерге шаш туралы қызықты мәліметтер ұсынбақпыз.
Кішкентай нәрестенің шашы анасының құрсағында-ақ өсе береді екен. Шамамен алғанда, жүктіліктің төртінші айында баланың басына шаш өсе бастайды екен. Көбіне аққұбалардың шашы басқалармен салыстырғанда қалыңырақ болады – шамамен алғанда 140 мыңдай. Ал қара шашты адамдардың шаш саны – 100 мыңға жуық болса, жирен шашты жандардың басында 90 мыңдай шаш болады еспетеледі. Шаштың орташа қалыңдығын есептегенде, 250-350 данасы бір квадрат сантиметрге шақ келеді екен. Неғұрлым бас үлкен болған сайын, соғұрлым шаштың саны да көп болуы керек. Өмір бойы шашына қайшы тигізбей өсірген адамның әр шашының ұзындығын қосқанда орта есеппен 725 километрді құрайды екен. Күніне әр шаш шамамен 0,35 миллиметр өседі. Жылына 12 сантиметрге ұзарса, өмірінің соңына дейін ол 7,6 метрді құрайды екен. Шаш көбіне көктем мен жаз мезгілдерінде тез өседі. Ер адамдар бір күнде 40 шашынан айрылса, әйелдердің күніне 70 шашы түседі екен.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/4217