Дәрігерлер ота арқылы сәбидің өте ұзын тілін қысқартты
Американың Оклахома штатында емізулі балаға ота жасады. Сәбидің тілі екі есе ұзын болған.
Бейкер Рот есімді балаға Беквит-Видеман синдромы диагнозы қойылды. Бұл сирек кездесетін генетикалық аномалия. Құрсақта жатқанда сәбидің ағза мүшесі дұрыс жетілмеген. Сондықтан бала тілі ұзын болып туды. Тілі аузына симай, тыныс алуына, сөйлеуіне кедергі болды.
Бұл ауытқушылық жүктіліктің 27-аптасында байқалды.
"Мен УКС-ге түсіп жүргенімде, баламның тілін шығарып тұрғаны байқалатын. Ол мазақ еткендей болып, бұл қылығына сүйсінуші едім. Шындығында бұл оның дерті екен", - дейді анасы.
Мамандар баланың тілін дереу қысқарту керек деген кеңес айтты. Себебі оның бас сүйегі солай қалыптасуы мүмкін еді.
Дәрігерлер баланың тілін екі есеге қысқартты. Қазір сәби бір жас, 7 айлық.
"Ол су ішіп, тамақтанып, сөйлеп үйреніп жүр. Ол бұл әрекеттерді қайта үйрену керек енді", - дейді анасы.
stan.kz