Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бастауыш партия ұйымының жұмысы жанданады

Бастауыш партия ұйымының жұмысы жанданады

Партия Съезінде партия Төрағасының қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жауапкершілік пен талапқа сай кадрларлар қажет екені айтылды. Партия қатарын нығайту жұмысына кіріспек. Қазіргі таңда Сырдария ауданы бойынша 3 мыңға жуық партия мүшелерін біріктірген 24 бастауыш партия ұйымдары бар. Партия мүшелерінің біліктілігін арттыру, БПҰ жетекшілерінің рейтингін енгізу және партиялық жобаларды жүзеге асыруға партия жарнасының 20 пайызын қайтару арқылы бастауыш партия ұйымдарын нығайту жоспарлануда. Партия жанындағы Саяси менеджмент мектебі 3 мыңнан астам партия мүшесін саяси менеджмент пен коммуникацияның жаңа форматтары бойынша оқытатын болады. Осы жұмыстар арқылы бастауыш партия ұйымының жұмысы кеңейіп, нәтиже береді деген сенімдеміз.

Партияның бастамалары орталықта ғана емес, барлық жергілікті жерлерде көрініс табуы үшін партиялық құрылымдардың бүкіл мүмкіндіктерін жұмылдырылып отыр. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдарына басымдық берілуде. Мен де партиямыздың жас мүшесі ретінде партияны жаңғырту бойынша бағдарламаның толыққанды орындалғанын қалаймын. Осы жұмыстарды ұйымшылдықпен орындауға партияластарды шақырамын.


А.ОМАРОВ,
белсенді жас
05 наурыз 2022 ж. 491 0