Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дзюдошы Ажар Асхат Азиаданың күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы Ажар Асхат Азиаданың күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы Ажар Асхат Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайдыEgemen.kz.

21 жастағы спортшы әйелдер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жапония өкілі Рин Маэдамен белдесті. Тартысқа толы кездесуде Ажар қарсыласына есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдесін қоржынға салды.

Ол жарыс жолын сәтті бастап, бұған дейін Таиланд, Тайбэй және Моңғолия спортшыларын жеңді.

Еске салайық, Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 3 дзюдошысы жартылай финалға шықты. Олардың қатарында 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Есмигүл Куюлова қола медаль жеңіп алды.

Сурет: ҰОК


01 қазан 2026 ж. 41 0