Әділет Алмат Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді
Дзюдошы Әділет Алмат Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.22 жастағы спортшы ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен белдесуде жарыс қожайыны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сотаро Фудживарадан жеңілді.
Әділет Алмат жарысты 1/8 финалдан бастап, Қырғызстан өкілі Тегин Алмазжан уулын жеңді. Ширек финалда моңғолиялық Шинбайар Ойинчимегтен басым түссе, жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Абубәкір Шеровты ұтты.
Осылайша ол Аичи-Нагоядағы бәсекеде Қазақстан қоржынына күміс медаль салды. Бұл – Әділет Алматтың мансабындағы алғашқы Азия ойындары.
Еске салайық, Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 3 дзюдошысы жартылай финалға шықты. Олардың қатарында 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Есмигүл Куюлова қола медаль иегері атанды. Ал 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ажар Асхат күміс медаль жеңіп алды.









