Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Жасыл дәліз – 3» түсіндірме жиыны өтті

«Жасыл дәліз – 3» түсіндірме жиыны өтті

Бүгін ауыл әкімдігінің ғимаратында «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасы бойынша ауыл тұрғындарымен «Жасыл дәліз – 3» жиыны ұйымдастырылды.

Сала мамандары тұрғындарға уақытында бірдейленбей қалған ересек малды бірдейлендіріп, базаға тіркеу үшін
2022 жылдың 1 ақпан мен 31 мамыры аралығында уақыт берілгендігін түсіндірді. Яғни жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған ересек ауыл шаруашылық жануарлардың иелеріне өз атына тіркеп алу мүмкіндігі беріліп отыр.

Осыған сәйкес ауылдық ветпункт мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасында тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және тіркеуді ауылдық округі әкімдігіндегі шаруашылық бойынша есепке алу кітабындағы мал басымен сәйкестендіріп, дерекқор базасына енгізіп отырады.

Құрметті ауыл тұрғындары!
Ауыл шаруашылығы жануарларын ауылдық ветпункт мамандарына барып дерекқор базасына уақытылы енгізіп отыруды ескертеміз.

21 ақпан 2022 ж. 557 0