Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Қазақстанды құруға əрбіріміз жауаптымыз

Жаңа Қазақстанды құруға əрбіріміз жауаптымыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Қазақстан" ұлттық арнасына сұхбат берді.

Сұхбатта қалың елді толғандырып жүрген көптеген келелі мәселелерге нақты да жүйелі жауаптар айтылды. «Жаңа Қазақстан» құру идеясы жүзеге асырылып жатқан жауапты кезеңде қоғамды дамыту, құқықтық мемлекет құру тұрғысындағы мемлекет басшысының мақсатты жолының нық екені анық көрінді.

Ел Президенті: менің ұстанымым, қоғамда заң мен тəртіп болса ғана, ел ішінде өсім, бейбіт өмір болады. Заң - кез келген өркениеттік қоғамның басты өлшемі. Заң үстемдік құрғанда ғана əділетті қоғам қалыптасады. Біз міндетті түрде бұған қол жеткізуіміз керек. Бұл - менің принциптік ұстанымым, - деп атап көрсете отырып "талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой" деген ұлы Абайдың ойлы өлеңінің бір түйінін ойына өзек ете отырып, бұл қағиданың əсіресе, қазіргі кезеңде елге аса қажет екеніне тоқталды.
Ашық пікірлесу арқылы талай түйінді мәселелердің тың шешімін көрсетті. Жаңа қоғамды қалыптастыру, елдігімізді сақтау һəм тәуелсіздік тұғырын биіктетудегі мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың барлық ұстанымдары мен бастамаларын толық қолдаймын.

Бағдат Есназар, 
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты

21 ақпан 2022 ж. 246 0