«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

Есірткіні "ауыр" және "жеңіл" деп бөлінеді. Оның бөлінуі 1 граммдағы улы заттардың мөлшеріне байланысты. Десек те тіпті қиқымдай есірткі адам денесін уландырмай қоймайды. Нашақорлық көптеген қылмыстардың тікелей себебі болып табылады. Мастыққа елітіп, өзіне есеп беруден қаласың. Біз, жас ұрпақ, еліміздің болашағы – саналы, білімді жастардың қолында ұмытпауымыз керек. Ал саналы, білімді болу үшін әуелі, зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн.
Жас дос, есірткі - соңы жақсылыққа әкелмейтін бір сәттік ермек. Менің саған айтар бірнеше кеңесім бар. Олар:
•Көрінген жылтырға қызықпа
•Салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтан
•Есірткінің бір дәмін татсаң, өмір бойы зардабын тартатыныңды ұмытпа
•Қандай жолды таңдайтының өз қолыңда, таңдаудан жаңылма
•Пайдалы хобби тауып, сүйікті ісіңмен шұғылдан
Ізгі қоғам құратын сіз бен біз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Ал енді ойлан, ақылды досым, жалындаған жастық шақ қымбат па, әлде, тарылған ми, байлаулы сезім бе? Бұл індет бір адамның тағдырын емес, бүтін бір ұлттың тамырына балта шабуы мүмкін. Індетпен күресіп, алдын алуға, болдырмауға шақырамын!
Абдрахманова Нұрсұлу Кенжебекқызы
№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектеп
9 а сыныбы,
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»