Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 17 миллион теңге берешек бар

17 миллион теңге берешек бар

Бүгінде ауданда кірістер басқармасына берешек адам­дардың саны көбейіп кеткен. Осының алдын алу мақсатында аудан­дық кірістер басқармасы мен жергілікті жол поли­­циясы мамандары бірлесіп, арнайы рейд жүргізді. оның барысында көліктердің мемлекеттік нөмірлері ше­шіліп, заң шеңберінде шара көрілді. Осылайша, салықшылар борышкерлерден төлемді мәжбүрлеп өндіру жұмыстарын қолға алды.

– Рейд барысында салық төлемеген екі автокөлік анықталды. Бірінің мемлекет алдындағы берешегі 15 мың болса, екіншісі 35 мың теңгені құрайды.

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ағымдағы жылдың 13 тамызындағы №730 бұйрығына сәйкес, салықтық рахымшылық жүріп жатыр. Ол 2017, 2018, 2019 жылдағы салығын 2020 жылы төлеген жағдайда, өсімпұлы есептен шығарлады. Осы тұста, аудан тұрғындарын биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін көлік салығын толық төлеуді сұраймыз, – дейді аудандық кірістер басқармасының бас маманы Бақытжан Ордабаев.

Жалпы аудан бойынша мыңнан аса тұрғын көлік салығын төлемеген. Салдарынан қордаланған қарыздың көлемі 17 миллион теңгеге жеткен. Сот орындаушылардың көмегімен оның 4 млн 327 мыңы өндірілген.

– Салық төлемеген тұрғындардың екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарына тыйым салынады. Сонымен қатар мемлекеттік нөмерлері шешіп алынады. Егер азаматтар айыппұлдарын төлемеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – дейді жеке сот орындаушы Жандос Тұңғышбаев.

Кірістер басқармасының мамандары салықтан жалтарып жүрген тұр­ғындар көп дейді. Осы тұста салық төлеуші үкімет берген салықтық рахымшылықты тиімді пайдалануын ескерте кеткен жөн.
12 желтоқсан 2020 ж. 786 0