Болашағымыз баянды болғай

Тұрғындарды арандатушылар мен іріткі салушылардың желіде таратып жатқан пікірлеріне сенбеуге шақырамын. Күшіміз бірлікте. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында барлық ата – аналардан баланы қараусыз қалдырмауын және көшеге шықпауын, коменданттық тәртіпті қатаң сақтауды сұраймын.
Сонымен қатар, нұротандықтар Мемлекет басшысының әрбір бастаған ісін қолдайтынымызды айтқым келеді.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Ілияс Анафияев,
№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектеп директоры