Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы – жалынды жастар

Ел болашағы – жалынды жастар

Еліміз үшін 2022 жылдың басы өте күрделі дағдарыспен, ауыр сынмен тұспа тұс келді. Мемлекетіміз күрделі кезеңге тап болды.

«Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген. Ендігі кезекте Қазақстан Республикасын дамудың даңғыл әрі сара жолы күтіп тұр. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында мемлекет алдына қойып берген нақты тапсырмалары дәлел.

Осы ретте біздер, жастар, қоғамның негізгі күші ретінде мемлекеттің жарқын болашағын қалауға барынша күш салуымыз керек. Шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» дейді. Ендеше елдің ертеңі, болашағы – біздің бүгінгі адал еңбегіміздің жемісі болмақ.
Қазақ халқы небір алмағайып заманды бастан кешірген. Бұл да өтпелі кезең екені анық. Тек осындай сәтте бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп, сын сағаттан сүрінбей өту маңызды. Бұл ретте, бас-басына би болмай, Мемлекет басшысының – біреу, қалғанымыз – сол басшыға тіреу екенімізді ұмытпайық.

Тәртіпке бағынғанның құл болмайтынын жастар есте сақтағаны абзал!

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ,
аудандық “Тіршілік тынысы” газетінің тілшісі

13 қаңтар 2022 ж. 387 0