Тәуелсіз елімізге 30 жыл
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын жариялағаны баршаға белгілі.
«Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын» деп ел көшбасшысы өзінің Елбасы жұмысының бастау алған сәтінен бастап өткерген қиындыққа толы болған елі мен жері үшін жеткен жетістіктеріне тоқталып, қолдау көрсеткен халықтың үкілеген үмітін абыроймен атқарып жатқандығын айта өтті.
Қасиетті де бас құндылығымыз Тәуелсіздік жылдарында халықтың әлеуметі мен ел экономикасының өсуі, қазіргі таңдағы әр салада жеткен жетістігіміз орда бұзар 30 жылдық Тәуелсіз ел, мемлекет үшін үлкен жеңіс.
Осы жылдарда Елбасының бастамасымен жастарымыз жаһандық жаңа трендтердің қатарында болуы олардың заманынан қалмай білім алулары үшін «Болашақ» бағдарламасы іске асырылды. Қазіргі таңда осы жоба нәтижесінде 15 мыңнан астам қазақстандық жастар өзге ірі мемлекеттерде білім алып, елімізге қызмет ететін мамандарға да Тұңғыш Президент өзінің «үмітімді ақтайды деп сенемін» деген сенімін білдірді. Сенімі ақталып, қазіргі таңда болашақтықтар еліміздің түкпір-түкпірінде қызметтер жасауда.
Мен өз Отанымның патриоты ретінде, еліміздің одан әрі өркендеп, көркейюі ең алдымен халықтың бірлігінде, ынтымағында деп есептеймін.
Тәуелсіздікте бақыт сияқты бағалағанның қолынан кетпейді. Бақытымызды бағалай білейік.
Сәуле СЫЗДЫҚОВА,
«Nur Otan» партиясының мүшесі